Рыбакинаны жеңген Мбоко қазақстандық теннисшімен өткен матч туралы пікір білдірді
Сурет: Instagram/LenaRybakina
Әлемнің 13-ракеткасы, канадалық Виктория Мбоко Дохада (Катар) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz жазуынша, Рыбакина Мбокодан 5:7, 6:4, 4:6 есебімен жеңілді.
"Бұл апта мен үшін нағыз ғажайыпқа толы болды. Мұндай нәтижеге жетемін деп тіпті армандаған да жоқпын – тек күн сайын, матч сайын алға жылжуды ойладым. Еленамен ойын керемет өтті. Ол қазір тамаша бабында, Australian Open-2026 турнирінің чемпионы. Осындай деңгейдегі теннисшімен бір кортта ойнап, тартысты кездесу өткізу – мен үшін үлкен мәртебе. Болашақта тағы да бірнеше рет жолығамыз деп үміттенемін", – деп жазды Мбоконың сөзін gotennis.ru басылымы.
Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында Виктория Мбоко латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.
Бұған дейін қазақстандық конькимен жүгіруші 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript