Жаңалықтар тізбегі
0

Путинцева Рыбакинаны жолдан тайдырған теннисшімен бірге жұптық сында финалға шықты

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2024 09:15 Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева канадалық Лейла Фернандеспен бірге Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жұптық сындағы жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 тамызға қараған түні Қазақстанның екінші ракеткасы Лейла Фернандеспен (26 WTA) бірге Линда Носкова (Чехия) / Диана Шнайдер (Ресей) дуэтінен 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.

Матч 1 сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Юлия мен Лейла бір эйс орындап, бір қос қателік жасады, жеті брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Енді финалда қазақстандық-канадалық жұп Цинциннати турнирінің үшінші ракеткалары болып тіркелген Әсия Мұхаммад (АҚШ)/Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) дуэтімен бас жүлдені сарапқа салады. Айта кетейік, Эрин Рутлифф - жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы.

Бұл - Путинцеваның карьерасында жұптық сындағы екінші финал. Қазақстандық теннисші бұған дейін ресейлік Анна Калинскаямен бірге Осакадағы WTA 250 турнирінің финалисі атанған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: