Путинцева жұптық сында Цинциннати турнирінің жартылай финалына өтті
Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, чехиялық Катерина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендпен кездесті.
Бірінші сетте чехиялық-америкалық жұп жеңіске жетті – 6:2.
Екіншісінде қазақстандық-канадалық дуэт есе қайырды – 6:1.
Супер тай-брейкте Путинцева – Фернандес жеңісті жұлып алды – 10:6.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында екі жұп та 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Юлия Путинцева – Лейла Фернандес финалға шығу үшін чехиялық Линда Носкова – ресейлік Диана Шнайдермен таласады.
Еске салайық, Юлия Путинцева жекелей сында үшінші айналымда әлемнің 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосаға 4:6, 4:6 есебімен жол беріп, ширек финалдан тыс қалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript