Юлия Путинцева алғаш рет WTA турнирінің финалына шықты

Юлия Путинцева, WTA турнирі, финал, Ұлыбритания, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2024 17:14 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда әлемнің 41-ші ракеткасы итальяндық Элизабетта Коччареттоны (WTA №44) екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Шешуші матчта Юлия ресейлік, әлемнің 69-шы ракеткасы Анастасия Потапова мен әлемдік рейтингтегі 190-шы орындағы австралиялық Айла Томлянович кездесуінің жеңімпазымен ойнайтын болады.

Ширек финалда Путинцева әлемнің 61-ші ракеткасы америкалық Каролин Доулхайдты жеңген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: