Юлия Путинцева жұптық сын бойынша Индиан-Уэллстегі турнирдің екінші айналымына шықты

Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі турнирде жұптық сын бойынша екінші айналымға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 10:50 Сурет: instagram/yulia_putintseva
Қазақстандық Юлия Путинцева даниялық Клара Таусонмен бірге Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/16 финалында Макото Ниномия (Жапония) / Сара Соррибес-Тормо (Испания) дуэтімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч 1 сағат 21 минутқа созылып, онда қазақстандық-даниялық теннисшілер 6:0, 4:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Путинцева мен Таусон келесі айналымда Елена Остапенко (Латвия) / Эллен Переспен (Аустралия)  кездеседі.

Путинцева жекелей сын бойынша турнирдің 1/32 финалында чехиялық Катерина Синяковамен шеберлік байқасады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: