Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің екінші кезеңіне шықты

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 11:03 Сурет: ktf.kz
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында WTA 1000 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№79 WTA) бірінші айналымдағы кездесуін Германия өкілі Тамара Корпачқа (№76 WTA) қарсы өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші айналымда қазақстандық ресейлік Екатерина Александровамен (№16 WTA) кездеседі.

Матч 1 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші бір рет эйс жасды, сегіз брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Юлия Путинцева былтыр Индиан-Уэллстегі "Мастерс" турнирінде Каролина Мучовадан (Чехия) 3:6, 6:4, 4:6 есебімен ұтылып, турнирдің бірінші айналымынан әрі аса алмаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: