Түркияда алып сегізаяқ жасөспірімді су астына сүйреп кете жаздады
Сурет: pexels
Түркияның Бодрум қаласында алып сегізаяқ Ресейден келген жасөспірімге суға шомылып жүрген кезінде жабысып, оны су астына сүйреп кете жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Газета.ru Telegram-дағы SHOT арнасына сілтеме жасап хабарлағандай, жасөспірім сегізаяқты өзінен өзі ажыратып алған. Моллюска суға қарай қашуға тырысқанда, жасөспірім оны жағалауға шығарып, әкесіне көрсеткен.
Қазір жас туристің жағдайы жақсы. Оның денесінде сегізаяқтың сорғыштарынан қалған іздер медициналық пунктте тексерілген. Жағдайы жақсы болғандықан, келесі күні жасөспірім қайтадан суға түскен.
Бұған дейін тәжіктердің бір дөңгелекті велосипедпен әлемді аралауға аттанып, көпшілікті таңғалдырғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript