Үндістанда жыртқыш үйге кіріп, алты адамды жарақаттады

Үндістанда жыртқыш үйге кіріп, алты адамды жарақаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 19:48 Сурет: magnific
Үндістанның Чхаттисгарх штатында қабылан бір отбасына шабуыл жасап, үйге кіріп, алты адамды жарақаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыртқышпен алғаш болып 55 жастағы Уттарибай Ядав кездескен. Әйел дәретханаға бару үшін далаға шыққан кезде қабыланға тап болған. Жануар оны жарақаттап, кейін үйге кіріп, оның туыстарына шабуыл жасаған. Бұл туралы Times of India басылымы жазды.

Отбасы мүшелері жыртқышты бөлмелердің біріне қамап, өздері үйден қашып шығып үлгерген. Содан кейін көмек шақырған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен орман шаруашылығы департаментінің мамандары келген. Бірнеше сағаттан кейін олар қабыланды ұстап, басқа жерге алып кеткен.

Зардап шеккен алты адамның барлығы ауруханаға жеткізілді. Үш адамның жарақаты ауыр болғандықтан, олар штат астанасына ауыстырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: