Таиланд 2027 жылдан бастап туристік алым енгізуді жоспарлап отыр

Таиланд 2027 жылдан бастап туристік алым енгізуді жоспарлап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 11:57 Сурет: pexels
Таиландта шетелдік туристерден 2027 жылдың басынан бастап туристік алым алу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Nation басылымының жазуынша, талқылауға қатысқандардың 80,5%-ы туристік алым енгізу жобасын қолдаған. Ал 78,3%-ы ұсынылған 450 бат мөлшеріндегі алымды (шамамен 6 мың теңге) құптаған.

2026 жылғы 6 қазанда Таиландтың Туризм және спорт министрі Сурасак Пханчароенворакул Бангкокта мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен кеңес өткізді.

Талқылау қорытындысы бойынша жобаны пысықтап, алдымен Туризм саясаты жөніндегі ұлттық комитетке, кейін министрлер кабинетіне ұсыну жоспарланып отыр.

Алғашқы кезеңде алым Таиландқа ұшақпен келетін туристерге салынбақ. Құрлық және су жолдары арқылы кіретін саяхатшылардан алым алуды бір жылға кейінге қалдыру жоспарланған.

Жиналған қаражаттың бір бөлігін туристерді сақтандыруға жұмсау көзделіп отыр. Сақтандыру полисі медициналық шығындар мен қайтыс болған жағдайларды қамтуы тиіс.

Билік ауруханаларға туристің сақтандыруы бар-жоғын тексеріп, көрсетілген медициналық көмек үшін өтемақы алуға мүмкіндік беретін тетік құруды да жоспарлап отыр.

Бұған дейін 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Таиланд арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 20-ға дейін артатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: