Таиланд шетелдік туристер үшін жаңа төлем енгізуді жоспарлап отыр

Эмигрант, эмигранты, эмиграция, мигрант, мигранты, миграция, иммигранты, иммигрант, иммиграция, приезжий, приезжие, переезд, аэропорт, люди в аэропорту, путешествие, репатриация, репатрианты, репатриант, кандас, кандасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 10:17 Фото: freepik
Таиландқа ұшақпен баратын шетелдік туристер үшін 450 бат (5 990 теңге) көлемінде туристік алым енгізу 2027 жылдың маусым немесе шілде айына шегерілуі мүмкін. Бұған дейін билік төлемді келесі жылдың бірінші тоқсанында ала бастауды жоспарлаған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Thaiger басылымының мәліметінше, жоба 12 қарашада түпкілікті қаралып, содан кейін үкіметтің бекітуіне жіберіледі. Қазіргі уақытта ережелер әлі де пысықталып жатыр. Атап айтқанда, билік алым төлеуден босатылатын туристер санаттарын және төлем тәртібін нақтылауда. Қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – алымды әуе билеттерінің құнына қосу.

Басылымның жазуынша, құжат мақұлданып, ресми мемлекеттік басылымда жарияланғаннан кейін міндетті түрде 180 күндік өтпелі кезең өтуі керек. Сондықтан жаңа алым 2027 жылдың ортасынан ерте енгізілмейді деп күтілуде.

Жиналған қаражаттың бір бөлігін демалыс кезінде ауырып қалған немесе жарақат алған шетелдік туристердің медициналық сақтандыруына жұмсау жоспарланып отыр. Қалған бөлігі туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ.

Жоба бойынша қоғамдық талқылау нәтижесіне сәйкес, қатысушылардың 80,5%-ы ұсынылған ережелерді қолдаған, ал 78,3%-ы алым мөлшерін мақұлдаған. Сонымен қатар жұмыс істеуге рұқсаты бар шетелдіктер, дипломаттар, транзиттік жолаушылар, әуе кемелерінің экипаж мүшелері және екі жасқа толмаған балалар бұл төлемнен босатылмақ.

Жаңа алымды барлық елдің әуе жолаушыларына 1 000 бат көлемінде салық енгізу туралы бөлек ұсыныспен шатастырмаған жөн. Бұл бастамаға бұған дейін қонақүй бизнесінің өкілдері қарсылық білдірген болатын.

Бұған дейін Таиланд 15 қыркүйектен бастап қазақстандықтарға арналған жаңа ережелер енгізгені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: