АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйел сот үкімі орындалғанымен, бәрібір аман қалды
Сурет: pixabay
Өлім жазасына кесілген америкалық әйел Криста Пайк сот үкімін орындау кезінде тірі қалып, дәрігерлердің бақылауына алынған болатын. Оның адвокаты бүгін сотталушы соңғы 30 жылын өткізген түрмеге оралғанын, медициналық көмек алуды жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымы "50 жастағы Криста Пайк соңғы отыз жыл бойы қамауда болған Дебора К. Джонсон атындағы оңалту орталығына оралды" деп оның адвокаттарының мәлімдемесін алға келтіреді.
"Ол осындай төтенше жағдайда көрсеткен көмегі үшін шұғыл қызмет қызметкерлері мен медициналық командаға алғыс айтады. Ол түрмеде медициналық көмек алуды жалғастырады және біз оның сауығып кетуін қадағалайтын боламыз", – дейді Пайктің адвокаттары.
Криста Пайк шамамен 30 жыл бойы өлім жазасының орындалуын күтіп жүрген. Ол 1995 жылы сыныптасын қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. 18 жасында Пайк жігітімен және тағы бір адаммен бірге 19 жастағы Коллин Слеммерді өлтірген болатын. Пайк 1819 жылдан бері Теннесси штатында өлім жазасына кесілген бірінші әйел болды. Оған күні кеше өлім жазасын орындау үшін екі дозадан тұратын екпе салынған болатын. Бірақ бұл екпелерден кейін де Пайктың жүрегі тоқтамады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript