Зейнеткер покемон карточкалары топтамасының құны 148 млн теңгеден асатынын білмеген

Ұлыбританияның Уокинг қаласында тұратын қарт шатырда 15 жыл бойы сақтаған карточкалар топтамасының қомақты қаржыға бағалануы мүмкін екенін білді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 09:42 Сурет: pexels
Ұлыбританияның Уокинг қаласында тұратын қарт шатырда 15 жыл бойы сақтаған карточкалар топтамасының қомақты қаржыға бағалануы мүмкін екенін білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

British Brief басылымының мәліметінше, ер адам жергілікті газеттен бір карточканың 6 мың фунтқа (3 млн 570 мың теңге) сатылғанын оқығаннан кейін өз топтамасының құнына қызығушылық танытқан. Ол коллекциясын бағалату үшін Ewbank’s аукцион үйіне жүгінген. Топтама өте жақсы сақталған 42 карточкадан тұрады. Олардың бірі – сирек сериядағы Чаризард бейнеленген карточка.

Мамандар топтаманы 250 мың фунт стерлингке (148 млн 757 мың теңге) бағалаған.

Басылымның жазуынша, ер адам карточкаларды 1990 жылдардың соңында ұлы покемондарға қызыға бастаған кезде жинаған. Топтама 2026 жылғы 21 қазанда аукционға қойылады. Сауда барысында оның бағасы бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Бұған дейін Ұлыбританияда қазына іздеуші "Құдайдың қолы" деп аталатын мың жылдық алтын тұмарды кездейсоқ тауып алған еді. Сирек кездесетін бұл алтын алқа әйгілі "Даунтон аббаттығы" сериалы түсірілген Хайклер қамалының маңындағы фермадан табылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: