Наразылық телеарна студиясына дейін жетті: Испанияда наразылық білдірушілер эфирге кедергі келтірді
Фото: pexels
20 Minutos порталының мәліметінше, оқиға сәрсенбі күні таңертең сағат 08:00-де басталуы тиіс бағдарламаға дайындық кезінде болған.
Наразылық білдірушілер камералардың алдына шығып, "Өміріміз – өміріміздің құнына айналмауы керек" деген жазуы бар баннерді жайған. Олар журналистердің жұмысына кедергі келтіргендіктен, тікелей эфирді кейінге қалдыруға тура келген.
Бағдарлама жүргізушісі Хемма Ньерга кейін болған жағдайды айыптап, видеоүндеу жариялады. Оның айтуынша, редакция ереуілді жариялауға арналған арнайы шығарылым дайындап, телеарнаның ең қажетті жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлер құрамында жұмыс істеген.
Журналист демонстранттардың әрекеті телеарна қызметкерлерінің өз міндетін атқару құқығын ғана емес, көрермендердің ақпарат алу құқығын да бұзғанын атап өтті.
RTVE телеарнасының мәліметінше, наразылық білдірушілер сағат 09:00-ден кейін студиядан шығып кеткен. Осыдан соң эфирді қайта жалғастыруға мүмкіндік туған.
🔴 No podem emetre el programa perquè un grup de manifestants ha entrat al plató en el marc de la vaga general de l'#11N Els periodistes som considerats servei essencial, però avui no podem fer la nostra feina 📲 https://t.co/evDRSEWz0U https://t.co/Mfqjj25gAV
— Cafè d'idees (@cafedidees_rtve) November 11, 2026
Бұған дейін Германияда студенттердің жаппай наразылық акцияларына дайындалып жатқаны хабарланған еді.