Испанияда аптап ыстық салдарынан 1 000-нан астам адам көз жұмды

Испанияда аптап ыстық салдарынан 1000-нан астам адам көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 19:50 Сурет: pixabay
Испанияның денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы 16 мамыр мен 13 шілде аралығында болған аптаптың салдарынан елде 1 000-нан астам адам қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

SRN News басылымының мәліметінше, 2025 жылғы маусым Испаниядағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай болып тіркелді.

"Карлос III институтының күнделікті өлім-жітімді бақылау жүйесі – MoMo 2025 жылғы 16 мамыр мен 13 шілде аралығындағы аптап толқындарына байланысты жалпы 1 180 өлім жағдайын тіркеді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1 035%-ға көп, сол кезде 114 адам көз жұмған болатын", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталған кезеңде ел бойынша 76 рет қызыл деңгейдегі қауіп дабылы жарияланған. Бұл – метеобақылау жүйесіндегі ең жоғары қауіп дәрежесі.

Ресми деректер бойынша, қайтыс болғандардың 95%-ы – 65 жастан асқан адамдар, көпшілігі – әйелдер. Сонымен қатар ыстық соғу салдарынан болған 10 өлім расталған. Оның бесеуі – қарт адамдарда, төртеуі – 52 мен 62 жас аралығындағы адамдарда тіркелген, бір жағдай бойынша ақпарат нақтыланбаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: