АҚШ-та ер адам бұрынғы әйелінің құрбысын жержаңғақ пастасы арқылы өлтірмек болған

АҚШ-та ер адам бұрынғы әйелінің құрбысын жержаңғақ пастасы арқылы өлтірмек болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 09:38 Сурет: pexels
АҚШ-тың Флорида штатында 68 жастағы Джозеф Жерар Канчелларе бұрынғы әйелінің құрбысына жержаңғақ пастасы жағылған ашықхат жіберген. Ол әйелдің жержаңғаққа аллергиясы бар екенін білген. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам некесінің бұзылуына осы әйелді кінәлап, одан кек алмақ болған.

PEOPLE басылымының мәліметінше, оқиға 2025 жылдың тамызында болған. Ал күдікті 2026 жылдың қарашасында қамауға алынған. Жәбірленуші үйінің жанынан күмәнді конверт тауып алып, оны ашқан кезде ішінде өзіне қауіпті аллерген барын бірден байқаған.

Әйел қолын дер кезінде жуып үлгергенімен, аллергиялық реакцияға тап болған. Оның қолында есекжем пайда болып, алты сағатқа жуық ашып ауырған.

Тергеушілер қаскөйдің хатта жалған есім мен мекенжай көрсеткенін анықтады. Алайда ол ашықхатты жіберу үшін арнайы терминалдан банк картасымен пошта маркасын сатып алған. Осылайша, тергеушілер оның ізіне түскен.

"Бейнебақылау камерасы марканы сатып алған адамның бейнесін түсіріп алған. Кейін таныстары мен жәбірленушінің өзі Канчелларені таныған. Олар бұл адаммен жиырма жылдан бері араласып келген", – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің мұндай әрекетке баруына ауыр өткен ажырасу процесі себеп болған. Ер адам бұрынғы әйелімен арасының бұзылуына қатысы бар адамдарға зиян келтіргісі келетінін ашық айтқан.

"Ол менің аллергиямның қаншалықты ауыр екенін білетін. Мейрамханаға бірге барған кездерімізде даяшыларға үнемі ескертіп отыратынмын", – деді жәбірленуші тергеушілерге.

Қазіргі уақытта америкалық азамат кепілмен босатылған. Оған қауіпті қару қолдану арқылы ауыр дене жарақатын келтіруге оқталу және қылмыстық салғырттық баптары бойынша айып тағылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: