Twitter адамның келісімінсіз жарияланған фото мен видеоны жояды

Жаңа ереже , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2021 19:04 Legion Media
Жаңа ереженің қоғам қайраткерлерінің қатысуымен түсірілген дүниелерге қатысы жоқ

Twitter әкімшілігі адамдардың рұқсатынсыз жарияланған фотосуреттер мен бейнелерді жояды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желі құпиялылықты сақтау және пайдаланушылардың құқығын қорғау үшін осындай ережелерді енгізген. Бірақ ол үшін суретте бейнеленген адамдар компанияға шағым түсіруі керек.

Бұл шектеу, БАҚ-тың қоғам қайраткерлері туралы жарияланымдарына, бұқаралық іс-шаралардан түсірілген репортаждарға және "қоғамдық мүдделерді қорғайтын және проблемаларды талқылайтын" твиттерге қолданылмайды.

Twitter әлеуметтік желісінің бас директоры және негізін қалаушы Джек Дорси отставкаға кеткен күннің ертеңінде-ақ осындай жаңалық енгізілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: