Енді «ВКонтактеге» Instagram-дағы фото мен видеоны енгізуге болады

ВКонтакте, инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 17:47 Сурет: unsplash
«ВКонтакте» әлеуметтік желісі Instagram-дағы барлық фото мен видеоны әлеуметтік желіге тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы қосымшаны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы фото-видеоларды жазбаларымен бірге тасымалдау үшін Instagram Manager қолданбасына өту керек.

Фотоларды тасымалдау үшін Instagram пайдаланушы аккаунтын енгізу немесе тіркелгеніңіздің сілтемесін көрсету жеткілікті. Тіпті мұрағаты бар файлды пайдалануға болады. Сонда видеолар да сақталады. Барлық материал тек сізге көрінеді. Сонымен қатар құпиялылықты кез келген уақытта өзгертуге болады.«ВКонтакте» компаниясының баспасөз қызметі

14 наурызда Instagram Ресейде бұғатталды. Роскомнадзордың әлеуметтік желіні бұғаттауы Meta-ның (оған Instagram, Facebook және WhatsApp кіреді) контентті модерациялау ережесін өзгерту туралы шешімімен байланысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: