Жаңалықтар тізбегі
0

"ВКонтакте" желісін Путиннің досы сатып алды

әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 09:57 Сурет: pixabay
"СОГАЗға" Владимир Путиннің досы Юрий Ковальчук, оның отбасы, Путиннің жиені Михаил Шеломов және "Газпром" иелік етеді

Миллиардер Алишер Усмановтың USM холдингі VK интернет-компаниясының (бұрынғы Mail.ru Group) акцияларының бақылау пакетін "СОГАЗ" сақтандыру тобына сатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"СОГАЗға" Владимир Путиннің досы Юрий Ковальчук, оның отбасы, Путиннің жиені Михаил Шеломов және "Газпром" иелік етеді.

"СОГАЗ" "Газпромбанк" арқылы интернет-компанияның тағы бір ірі акциялар тобына иелік етеді. Өз кезегінде VK'ға Ресейдегі ірі әлеуметтік желілер– "ВКонтакте", "Одноклассники", mail.ru почтасы және басқа бірнеше сервис кіреді. Оның жалпы құны 4,5 млрд доллардан асады.

Ақпаратқа қарағанда, USM "СОГАЗға" VK акцияларының 57,3% иелік еткен "МФ технологии" компаниясы капиталындағы 45% үлесін сатты. Бұл келісімнің сомасы ашық емес. Қарашада "Сбербанк" "МФтің" акцияларының 36% "Газпромбанкға" 12,8 миллиард рубльге сатқан. Акциялардың тағы бір ірі тобына Путин мен Дрезденде бірге қызмет істеген Сергей Чемезов жетекшілік ететін "Ростех" мемлекеттік кәсіпорны иелік етеді.

Forbes журналы 2020 жылы Mail.ru group деп аталатын VK'ны Ресейдегі ең ірі компаниялардың тізімінде төртінші сапқа жайғастырды.

Компания есебіне сәйкес, VK'ның жалпы кірісі 2021 жылдың үшінші тоқсанында былтырғы жылмен салыстырғанда 19% көбейіп, 30,41 миллиард рубльді құраған. Холдинг бәрінен жарнамадан және ойын бизнесінен көп қаражат тапқан.

2020 жылы желтоқсанда "Проект" басылымы өз зерттеуінде Юрий Ковальчукты президенттің құпия өмірі үшін жауап беретін "өлкедегі екінші адам" деп атаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: