Қазақстандық жас режиссердің туындысы халықаралық фестивальде «үздік фильм» атанды

Кинофестивальді ұйымдастырушы «Lion Productions» кинокомпаниясы мен Халықаралық «Жас режиссер» киномектебі.

Фото: 6 Қараша 2017, , 16:47
Татарстан астанасы Қазан қаласында өткен «СINEMA CAMP-2017» халықаралық кинофестивалінде қазақстандық жас режиссер Ақбөбек Төлжан «Отпан тау» тарихи деректі кино туындысымен «Ең үздік студенттік фильм» номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Baq.kz. Автор қысқа метражды деректі фильмінде Маңғыстау жеріндегі «Отпан тау» тарихын көрсетіп, бүгінгі жас буынға тарихи мұраларға құрметпен қарап, қадірін білуге үндейді. Бүгінде «Хабар» агенттігінде режиссер болып еңбек ететін Ақбөбек Нұрбаулықызы Төлжан болашақта тарихи фильмдерді молынан түсіруді армандайды. Кинофестивальді ұйымдастырушы «Lion Productions» кинокомпаниясы мен Халықаралық «Жас режиссер» киномектебі. Бұл кинофестивальге Ресей, Иран, Франция, Қазақстан, Иордания, Италия, Испания, Египет, Белорусь, Украина, Армения, Грузия, Қырғызстан, Эстония, Түркия сияқты елдерден 350 өтініш келіп түскен. Фото: Baq.kz.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ