Екібастұзда үй өртеніп, екі адам қаза тапты

Zakon.kz
Бүгінгі таңда қайғылы оқиғаның орын алу себептері анықталуда.
Екібастұз қаласында жеке тұрғын үй өртке оранып, екі адам көз жұмды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Сағат 8:40 минут шамасында Угольная көшесі, 3 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, баспананың төбесі бұзылған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 1969 және 1971 жылы туған ер азаматтардың мәйітін анықтады. 11:03 шамасында өрт толығымен жойылды. Оның көлемі 40 шаршы метрді құрады. Бұл жұмысқа өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің жеке құрамынан 15 адам және үш техника жұмылдырылды, - дейді мамандар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қайғылы оқиғаның орын алу себептері анықталуда.

Фото: pavlodarnews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды