Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 10:32 Фото: primeminister.kz
Елордада 7 желтоқсан күні көпқабатты үйдегі өрттен 11 жасар бала қаза тапты. Тілсіз жау 2025 жылғы 6 желтоқсанда Абылай хан көшесінде, бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде тұтанған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, құтқарушылар келгенше кіреберісте бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін күшті түтін байқалып, тұрғындарға қауіп төндірген.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында бес бала мен бір ересек адам бар. Барлғына дерлік "көміртегі тотығымен улану" диагнозы қойылған. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау бөлімінде жатыр.

"Реанимациялық шараларға қарамастан өте ауыр жағдайда түскен 2014 жылы туған бала қайтыс болды", – деп хабарлады дәрігерлер.

Бұған дейін Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шығып, әскери қызметші мен баласы қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: