Петропавлда өрт кезінде үш жасар бала қаза тапты

Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, үш жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Өрт Жуков көшесі бойындағы 23-үйдегі 118 пәтерден шыққан.
Жедел жәрдем қызметіне қоңырау 09:54-те түскен. Олар оқиға орнына 8 минутта жеткен. Алайда олар зардап шеккен үш жасар баланы құтқара алмады.
Өрт сөндірушілер оттың шығу себептерін анықтап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript