Орынбор облысында тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты

31 желтоқсанда Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы тұрғын үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат ТЖМ өңірлік басқармасының сайтында жарияланды, деп хабарлайды lenta.ru.
Краснополье ауылындағы үш пәтерлі жеке тұрғын үй өртке оранған. Құтқарушыларға сағат 00:35-те хабар келіп түскен. ТЖМ баспасөз қызметі №2 және №3 пәтерлердің тұрғындары үй-жайдан өз бетінше шыққанын, ал №1 пәтерден үш адамның денесі табылғанын хабарлайды. Марқұмдардың жеке басы анықталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript