Жапонияда қатты жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі, Жапония, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 20:20 Сурет: pxhere
8 желтоқсанда Жапонияның солтүстігінде биылғы ең күшті жер сілкінісі болды. Билік бірден цунами қаупі барын ескертіп, дабыл қақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

NHK телеарнасы хабарлағандай, 7,6 баллдық жер асты дүмпулері Хонсю аралының солтүстігінен шығысқа қарай 80 шақырымда тіркелді. Ең айқын жер сілкінісін Аомори префектурасының тұрғындары сезінді. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жарияланбады.

Елдің метеорологиялық басқармасы шығыс және солтүстік-шығыс жағалауларда биіктігі шамамен 3 метр болатын толқындардың жақындап келе жатқанын ескертті. Аомори, Иватэ және Хоккайдо префектуралары ең қауіпті аймаққа жатады. Билік халықты жағалаудағы аудандардан дереу кетуге және аймақтағы биік төбелерге көтерілуге шақырды.

Бұл жер сілкінісі Жапонияда 2025 жылғы ең күштісі болды. Алдыңғы рекорд 9 қарашада Иватэ префектурасының жағалауында тіркелді, ол кезде магнитуда 6,8 болды және цунами байқалды. Ол кезде құрбандар болған жоқ.

Бұған дейін түнде шырт ұйқыдағы Шымкент пен Тараз халқы Өзбекстанда болған жер сілкінісінен оянғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: