Павлодардың бес тұрғынын екібастұздық жалған сантехник тонап кетті

Жерлесі өлшем жұмыстарын жүргізіп жатқанда күдікті ешкімге білдірмей клиенттің пәтерін тонауға кіріскен.

Фото: Тoday.kz8 Қаңтар 2018, , 17:56

Павлодардың бес тұрғынын екібастұздық жалған сантехник тонап кетті. Күдікті жерлесімен бірге жұмыс істеген, деп хабарлайды Today.kz Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жерлесі өлшем жұмыстарын жүргізіп жатқанда күдікті ешкімге білдірмей клиенттің пәтерін тонауға кіріскен.

Екеуі павлодарлық тұрғындардың пәтерлеріне кіріп, сантехникалық қызмет ұсынған.

"Кәсіби қимылдағаны соншалық, ешкім күдікті ештеңе байқамай қалған. Олар кеткен соң бірнеше сағаттан кейін ғана жәбірленушілер заттарының жоғалғанын байқаған. Осылайша күдікті облыс орталығының бес тұрғынын тонаған. Әр жағдайдағы шығын мөлшері де әртүрлі - 100 000-нан жарты миллион теңгеге дейін", - деді полиция.

Күдікті ұсталды.

Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ