Қазақстанда 2021 жылдан бастап төлқұжат латын қарпімен беріледі

otyrar.kz
Қазақ әліпбиін латын қарпіне аудару жоспары дайындалды.

Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қазақ әліпбиін латын қарпіне аударуға дайындалған жоспар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Қазақ әліпбиін латын жазуына аудару жоспары дайындалды. Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленеді", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылады.

"Үшінші кезең 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын кезеңменен көшіру жоспарланған. Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында «Тіл қазына» орталығы құрылуда", - деп түйіндеді Ерлан Қожағапанов.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды