Башқұртстанда оқушы мектептегі сыныпты өртеп жіберген

ГТРК "Башкортостан"
Үш бала мен бір ересек адам зардап шеккен.

Башқұртстанның Стерлитамак қаласында №1 мектепте төтенше жағдай болды. Оқушы мектеп оқушыларына пышақпен шабуыл жасап, кейін мектептегі сыныпты жағып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір бала мектепте пышақпен жүгіріп жүрді. Мұғалім есікті ұстап тұрған, кейін кабинетке кіріп кеткен. Есі ауысқан жігіт қызға пышақты сұғып алған, қорыққан қыз екінші қабаттан секіріп кеткен», - дейді оқиға куәгерлері.

Барлық оқушылар түтінге оранған ғимараттан эвакуацияланды. Республикалық денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ресми дерегі бойынша, үш бала мен бір ересек адам зардап шеккен. Оларды Стерлитамак ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр.

Башқұрстан ІІМ білім беру мекемесіне шабуыл жасалғанын растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды