Ет жақынынан айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды

Stan.kz
Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.

Жұбаныш Жексенұлы ет жақынынан айырылып, Астанадағы концертін кейінге қалдырды. Әншінің әкесі дүниеден озған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.

“Қымбатты қазақ өнерін қадір тұтқан, халайық! Алланың бұйрығымен, жезтаңдай әнші Жұбаныш Жексенұлының дүниеге келуіне себепкер болған асқар тау әкесі фәни дүниеден озды. Алла тағала мейіріміне бөлеп, панасына алғай”, – дейді Майғазиев.

Айта кетейік, Жұбаныш Жексенұлы 5 мамыр күні Астанада концерт беруі тиіс болған. Әнші ән кешін кейінге қалдырып, алдыңғы концерт билеттерінің жарамды екенін хабарлады. Алайда кейінге шегерілген концерттің қай күні өтетіні белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды