Головкин Мартиросянмен жұдырықтасқаны үшін қанша сыйақы алады

Baq.kz
Егер қазақстандық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасса, 30 млн доллар көлемінде пайда табар еді.

АҚШ-тың USA Today күнделікті газеті Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқаны үшін қанша табыс табатынын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мартиросянмен жекпе-жек өткізгені үшін Головкин шамамамен 2 млн доллар сыйақы және 3 млн доллардай пайда табады. Себебі, қос боксшы арасындағы кездесу НВО телеарнасында көрсетіледі әрі боксты көру үшін ешкім ақылы жазылымдарды сатып алмайды», - деп жазады америкалық басылым.

Егер қазақстандық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасса, 30 млн доллар көлемінде пайда табар еді.

Естеріңізге сала кетейік, WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасында әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасындағы кездесу 5 мамыр күні АҚШ-тың Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды