ШҚО-да тоңазытқыштан шыққан өрт салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды

Stan.kz
Өрт 3 мамырда түстен кейін Бөгембайұлы көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған.

Семейде тоғызыншы қабатта орналасқан пәтердегі өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Өрт 3 мамырда түстен кейін Бөгембайұлы көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. Жоғарғы қабаттан шыққан түтінді көрген тұрғындар өрт сөндірушілерді шақырған.

Пәтерге кірген өрт сөндірушілер ас үйдегі тоңазытқыш пен жиһаздың өртеніп жатқанын көрген. Уақыт жоғалтпастан қызыл жалынды сөндіре бастаған өрт сөндірушілер, бөлмеде ес-түссіз жатқан пәтер иесін тауып алған. Оқиға орнына шақыртылған дәрігерлер зейнеткердің ыстан тұншығып қайтыс болғанын хабарлады.

Семей қаласы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үй иесі пәтерде жалғыз тұрған, сондай-ақ өздігінен қозғала алмаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды