Астанада мектеп өртеніп, екі мыңдай адам қауіпсіз жерге шығарылды

Gorod55.ru
Зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.

5 мамыр күні Астанада №61 мектептен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"5 мамыр күні сағат 13.56-да Сарыарқа ауданы, Конституция 33 мекенжайында орналасқан №61 орта мектебінің бірінші қабатында өрт шығып, 10 шаршы метр жерде жиһаз өртенген. Өрт 14.10 кезінде ауыздықталып, 14.11-де сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенше мектеп әкімшілігі екі мыңдай адамды ғимараттан шығарған, дені — балалар", — деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт сөндірілген соң бір сағаттан кейін балалар мектепке оралған.

Оқиға орнында дәрігерлер кезекшілік етуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды