Ақтөбеде қысқа тұйықталу салдарынан бес қабатты тұрғын үй өртенді

Сурет: zakon.kz
Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ақтөбеде 5 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 9 мамыр күні 14.38-де шығып, 14.58-де ауыздықталды және 15.05-те сөндірілді. 4 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды.

Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған. 1929 жылғы әйел адам иісті газден уланып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Ақтөбе облыстық өрт сөндіру қызметінің қызметшілері тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады.

ТЖК атап өткендей, қысқа тұйықталудың бірнеше себебі бар. Ол изоляция сапасының төмен болуы, электр сымдарын дұрыс емес жөндеу, сымдар мен электр құралдарының нашар қосылуы салдарынан болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды