Дәретханаға шығып, жоғалып кеткен атыраулық қыз Қызылордадан табылды

Сурет: zakon.kz
Атырау полицейлері ұялы телефонның сигналы арқылы қызды алып кеткен көлікті анықтады.

Өз үйінде дәретханаға шығып, қайтып келмеген 18 жастағы атыраулық қыз Алина Құрманәлиева Қызылордадан табылды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Атырау полицейлері ұялы телефонның сигналы арқылы қызды алып кеткен көлікті анықтады. Олар шұғыл шаралардан кейін 6 күн өткен соң көліктің ізіне түседі. Сөйтсе, көлік Қызылорда облысына бағыт алған.

Екі өңірдің полицейлері бірлесіп әрекет етіп, қызды табады.

«Біздің сіңліміз Алина жоғалғанда бізбен бірге болып, көмек қолын созған, уайымдаған барша жанға алғыс білдіреміз. Жақсы жаңалығым бар – Құрманғазы ауданының полицейлері оны аман-есен тапты», - деп жазды әлеуметтік желіге әпкесі Мира Құрманәлиева.

Туыстарының айтуынша, қыз Қызылорда облысына жігітпен кетіп қалған. Ата-анасы іздеу жариялағанда Алина хабарласып, бәрі жақсы екенін айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды