Димаш Құдайберген: Мен өз фанаттарымның фанатымын

Аktobenews.kz
Әнші Димаш Құдайберген Қытайдың ірі қалаларында жеке концертін беруді жалғастырды.

Қытайдың Шенжен қаласында жеке концертін берген Димаш Құдайберген өз фанаттарының фанаты екенін жеткізді. Ол концерттен соң тыңдармандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әнші Димаш Құдайберген Қытайдың ірі қалаларында жеке концертін беруді жалғастырды. Бұл жолы концерт Шенженде өтті. Ерекше әсерімен бөліскен Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде өз фанаттарының фанаты болғанын жасырмады.

«Стадион лық толы. Қолдап келген барлық жанкүйер тыңдармандарыма осы концертті ұйымдастырған командамның, отбасымның, өзімнің атымнан мың алғыс!», — деп жазды әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, концертке Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар қатысты. Света Айтбаева Димаш Құдайбергеннің гримеркасы арнайы гүлмен көмкеріліп, безендірілген бұрышты көрсетті. Онда әншінің бірнеше суреті ілінген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды