Қытайлықтар Димаш Құдайберген туралы фильм түсірмек

stan.kz
Фильм жобасы Астанада 1-7 шілдеде өтетін "Еуразия" кинофестивалі асында талқыланады.

Қытай кинокомпаниясы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы шығармашылық және ғылыми интеллигенция форумының кулуарында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсахожаева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Биыл "Еуразия" кинофестиваліне келетін BJ Brothers компаниясымен ынтымақтастық орнатамыз. Компания біздің белгілі орындаушымыз Димаш Құдайберген туралы фильм түсіргісі келеді. Димаш туралы фильм жасау бойынша ұсыныс көп, біз оны Канн фестивалінде фестиваль директорымен талқылаған болатынбыз", — деді Мұсахожаева.

Болашақ фильмнің тұжырымдамасы, сюжеті мен жанры қандай болатыны әзірге белгісіз. Таяу күндері жоба егжей-тегжейлі талқыланады, деп толықтырды Мұсахожаева.

Ректор биыл Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінен диплом алып, елордаға салтанатты бітіру кешіне келетінін айта кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды