Елордада екі велосипедшіні көлік қағып кетті

ҚазАқпарат
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Астана қаласының Ішкі істер департаментінен екі велосипедшіні көліктің қалай қағып кеткені туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 маусым күні 33 жастағы қала тұрғыны Сауран мен Достық көшесінің қиылысында «Дэу Матис» маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып, реттеушінің тыйым салу туралы ишарасын есепке алмай, қиылысқа шығып кеткен. Осыдан кейін ол екі велосипедшіні қағып кеткен. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізіліп, тексерістен кейін үйіне жіберілді», - деді ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды