ШҚО-да ашыққан жігіт азық-түлік ұрлаймын деп қолға түсті

altaynews.kz
Материалдық шығынды шағымданушы әйел 140 мың теңгеге бағалап отыр.

Шемонаиха ауданының тұрғыны 8 мамыр мен 16 маусым аралығында «Северный» кооперативінде орналасқан гаражын тонап кеткендігін айтып, жергілікті полицияға шағымданды, деп хабарлайды altaynews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері «ала жіп» аттаған 25 жасар жігітті алысқа ұзатпай құрықтады. Ашыққан жігіт алты қап картоп пен қырық банкі қысқы азықты жымқырып қана қоймай, ресей автокөлігінің бөлшектері мен біраз металл сынықтарын да арқалай кеткен екен. Осы материалдық шығынды шағымданушы әйел 140 мың теңгеге бағалап отыр.

ШҚО ІІД баспасөзінің хабарлауынша, жас жігіт ұрлаған дүниелерін жайғап үлгерген. Осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды