Астанада аударылған батут оқиғасы бойынша екі адам жауапқа тартылады

ҚазАқпарат
4 мамырда Астанадағы «Жаннұр» сауда орталығының аумағында батут аударылған болатын.

Астанадағы аудандық соттың қарауына батуттың аударылуына қатысты қылмыстық іс түсті. Аталған оқиға кезінде бес бала зардап шеккен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, сот отырысы ашық болады.

«Негізгі отырыс 27 шілде сағат 16:00-ге белгіленіп отыр. Қылмыстық іс Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотында қаралады. Соттың алдында екі адам жауап береді. Олардың жеке мәліметтері сол кезде жарияланады», - деді баспасөз қызметінің мамандары.

Ресми мәліметке сәйкес, екі адам ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-бөлімінің 1 және 2-ші тармақшасы бойынша қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 4 мамырда Астанадағы «Жаннұр» сауда орталығының аумағында батут аударылған болатын. Қатты желдің салдарынан батут 20 метрге ұшып кетті. Сол кезде бес бала қатты зардап шекті. Төртеуі жансақтау бөліміне түскен еді. Қазір балалардың барлығы үйде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды