WhatsApp арқылы топ болып қоңырау шалуға болады

Baq.kz
WhatsApp мессенджерімен ең көп дегенде төрт қолданушы топтық қоңырауды жасай алады.

WhatsApp мессенджері қолданушыларына топ болып аудио және видеоқоңырау жасау мүмкін болатын жаңа функция іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қолданушылар күніне 2 млрд минуттан астам уақытты қоңырауларға жұмсайды. Бүгіннен бастап WhatsApp-та топтық аудио және видеоқоңыраулар жасау мүмкін екенін қуана хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

WhatsApp мессенджерімен ең көп дегенде төрт қолданушы топтық қоңырауды жасай алады. Топтық чатты бастау үшін ең алдымен бір адамға қоңырау шалып, одан кейін «қатысушы қосу» деген батырманы басу керек.

Топтық қоңыраулар end-to-end шифрланады және бұл функцияны iOS пен Android операциялық жүйелері бар құрылғылардағы мессенджердің соңғы жаңартылған нұсқасында қолдануға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды