Фермерді қызымен бірге өлтірген күдікті ұсталды

ҚазАқпарат
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысында шаруа қожалығының басшысын және оның қызын өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 14 тамыз күні Шу ауданында шаруа қожалығының басшысы мен оның қызын пайдакүнемдікпен өлтірген күдіктіні ізін суытпай ұстады», - деді Алмас Садубаев.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, күдіктіден мотоцикль, ноутбук, ұялы телефон және ақша тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды