Ақмола облысында садақа жəшігін ұрлаған күдікті ұсталды

ҚазАқпарат
10 мың теңге көлемінде ақша салынған садақа жəшігін ұрлап кеткен

Ақмола облысында мешіттен садақа жəшігін ұрлап кеткен 28 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша тамыздың 19-ы күні Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Жасыл ауылындағы дін өкілі хабарласып, ауыл мешітінің терезесінен кірген белгісіз біреулер 10 мың теңге көлемінде ақша салынған садақа жəшігін ұрлап кеткенін айтқан.

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы іздестіру шарасы барысында 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстайды. Күдікті бірден қылмысын мойындап, түсініктеме берді», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлігі бойынша сотталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды