Өскеменде дәрігер ер адамға жүкті деген диагноз қойды

sn.kz
Ол іші ауырғандықтан ауруханаға тексерілуге барған.

Өскеменде нефролог дәрігері науқастың іші оның жүктілік мерзіміне байланысты үлкейген деп тұжырымдама берген, деп жазады Sn.kz.

Ер адамның туыстарының айтуынша, ол іші ауырғандықтан ауруханаға тексерілуге барған. Алайда, дәрігер аурудың көптеген белгілерімен қатар, науқастың жүкті екенін көрсетіпті.

Бұған дейін ер адамның дәрігерге қатысты шағымы болмапты. Бірақ бұл жағдайдан кейін ол абдырап қалған.

Бұл клеңсіздіздікті ол үйіне келгенде байқаған. Ал емхана қызметкерлері тұжырымдамада ер адамның іші үлкейгенімен қатар, жүктілік мерзіміне байланысты оның сәбидің қозғалысын сезе бастағанын да жазған.

Бұған сәйкес, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасындағылар мұндай жағдайдың қалай орын алғанын анықтауға уәде берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды