Димаш Құдайберген алғаш рет халықаралық “Жаңа толқын” байқауында өнер көрсетті

lenta.inform.kz
Димаш “А-студио” тобының “Грешная страсть” әнін орыс тілінде орындап шықты.

Аты әлемге танылған Димаш Құдайберген алғаш рет халықаралық “Жаңа толқын” байқауында өнер көрсетті. Димаш байқаудың алғашқы күні “А-студио” тобының шығармашылық кеші барысында ән айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Сол күні байқау барысында танымал ресейлік жұлдыздар, сондай-ақ, қазақстандық The Jigits тобы мен рэпер Jah Khalib өнер көрсетті.

Димаш “А-студио” тобының “Грешная страсть” әнін орыс тілінде орындап шықты. Көрермендер Құдайбергеновтің өнерін жоғары бағалап, ду қол қошеметпен шығарып салды.

Димаш болса барлық жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, Қазақстанға шақырды.

“Новая волна” байқауының қонағы болып, Ресейге табан тіредік. Байқау басталды. Енді байқаудың жабылу салтанатында өнер көрсетемін. Барша көрермендерге үлкен рахмет. Сочиге келгелі әуежайда тамаша концерт қойып, дәм-тұзбен күтіп алған көрермендерімнен айналдым. Құрметтеріңізге үлкен алғыс”, – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды