Мөлдір Әуелбекова шәкіртінің фильмнен тапқан табысын қалтаға баспақ па?

Stan.kz
Салтанат Серкебаева – Томиристің бойжеткен шағын сомдайды.

Мөлдір Әуелбекованың шәкірті Салтанат Серкебаева тарихи “Томирис” фильмінде басты рөлді сомдаған болатын. Әдетте продюсерлер өз әртістерін өзге жобаларға жіберген кезде олардың қаламақысын қалтаға басатын, деп жазады Stan.kz.

Салтанат Серкебаева – Томиристің бойжеткен шағын сомдайды. Бірақ негізгі жұмысы – «Назар» төрттігінде ән салу. Себебі о баста Әуелбековамен келісім-шартқа отырған Салтанаттың одан асып кетуге құқығы жоқ.

“Біз ақшаға келген, гонорарға келген сұрақтардың барлығын әрқашан құпия сақтаймыз. Оны халық та білмей-ақ қойсын”, – деп қаламақы тақырыбын құпияда қалдырды Салтанат.

Жас әнші фильмнен тапқан табысы туралы айтқысы келмегенімен, арадағы сырды Әуелбекованың өзі ашып қойды.

“Негізі продюсерлер өзге жобаларға өзінің қарамағындағы адамдарды жіберген кезде түбегейлік гонарарды өзіне алады. Бірақ мен біреудің ақысын жеуге қақым жоқ деп ойлаймын. Ол өзінің еңбегі. Салтанаттың қазіргі таңда гонорарының жартысы түсті. Бірақ мен оның бір тиынын алған жоқпын. Алатын ойым болған жоқ”, – дейді Мөлдір.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды