Димаш Құдайберген қалыңдықпен түскен суретін жариялады

Baq.kz
Кадрда белгісіз қыз қалыңдық көйлегін киіп, әншіге қарап тұр. Қолында гүл шоғы бар.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қалыңдық көйлегін киген қызбен түскен фотосын Іnstagram әлеуметтік желісіне жүктеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Фото жүктелгеннен кейін бірнеше сағат ішінде он мыңдаған лайк жинап, қызу талқыға түсті.

Біреулер оны құттықтап жазса, екінші бір оқырмандар таң қалғанын жасырмады.

Алайда әншінің өзі фотоның астына "Қайырлы түн" деген жазу қалдырған.

Кадрда белгісіз қыз қалыңдық көйлегін киіп, әншіге қарап тұр. Қолында гүл шоғы бар.

Димаш Құдайберген фотоны шамамен 8 сағат бұрын жүктеді. Ал қазір 48 мыңға жуық лайк жинап үлгерді.

Бұған дейін қазақстандық әнші өз аккаунтында алдағы бейнебаянының тизерін жариялаған болатын. Онда да Димаш күйеу жігіт рөлінде көрінген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды