Енді студенттер университетте төрт жыл оқымайды

qamshy.kz
Жаңа өзгеріс жоғары оқу орындарында келесі жылдан бастап енгізіледі.

Келесі оқу жылынан бастап колледж тәмамдаған студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жыл ішінде бітіре алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін бірқатар отандық БАҚ-та жоғары оқу орындарында оқу мерзімі қысқарады деген ақпарат тараған болатын.

"Ол тек колледж бітіргендерге ғана арналған. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алса, енді төрт жыл оқымай, екі-үш жыл ішінде бітіруге болады", — деді министр үкімет кулуарында.

Сағадиев жаңа өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енетінін атап өтті.

"Қазір құжаттарды бекітіп, біртіндеп енгізетін боламыз", — деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды