Қостанайда 30 жастағы әйел баласымен бірге жоғалып кетті

ҚазАқпарат
1988 жылы туған Хидирова Анара Фархадовна іздестірілуде.

Қостанайда 30 жастағы Анара Хидирова мен 10 жасар ұлы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1988 жылы туған Хидирова Анара Фархадовна іздестірілуде. Ол 2018 жылғы 16 қазанда 10 жасар баласы Арсен Нұрболұлы Сантаймен бірге Әулиекөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Әйелдің бойы - 150-155 см, орташа денелі, шашы қара түсті, иығына дейін түскен. Үйінен қызыл куртка, сұр бас киім, сұр шалбар мен кроссовка киіп шыққан. Ұлының бойы - 100-110 см, ол көк түсті куртка мен шалбар, қара туфли киген.

Полицейлер із-түзсіз кеткендер туралы кез келген ақпараттарды Әулиекөл аудандық ІІБ-не немесе 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды