Нұрсұлтан Назарбаев "Отырар сазы" оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

Акорда
Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау ісінде фольклорлық-этнографиялық оркестрдің рөлі ерекше екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев "Отырар сазы" мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мәдениет пен өнер саласына тұрақты түрде қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті.

– Сіздің әкеңізбен ұзақ жыл бойы жақсы таныс болдық. Академиялық деген атағы бар "Отырар сазы" оркестрі сол кісінің есімімен аталады. Кезінде бұл оркестрде 6 адам бар еді, қазір 66 музыкант жұмыс істейді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау ісінде фольклорлық-этнографиялық оркестрдің рөлі ерекше екенін айтты.

– Гастрольмен Францияға бардыңыздар, Астанада өнер көрсеттіңіздер. Халқымыздың музыкалық аспаптарын бүкіл әлемге танытып жүрсіздер. Төл өнерімізді дәріптеу мақсатымен Ұлттық домбыра күні де бекітілді. Оны мерекелеуге 1 мыңнан астам домбырашы қатысты. Мұның бәрі "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бағыттарына сай келеді. Сіз ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің ісін жалғастырып келесіз, сол үшін алғыс айтамын, – деді Елбасы.

Дінзухра Тілендиева ұлттық өнер саласын дамытуға зор мән беріп отырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, еліміздегі даму бағдарламаларын қолдап, атсалысатынын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды