Цифрлық белсенділік танытқандарға сыйлық

Smart Astana
Ұпайларды "Атамекен" ҰКП-ның бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін айқындау мақсатында жасаған сауалнама-скринингін толтыру арқылы жинай аласыз.

Smart Astana мобильдік қолданбасында 200 ұпай жинау әбден мүмкін. Оларды бағалы сыйлықтарға алмастырып алуға болады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің телеграм каналында хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Мысал үшін, 2000 ұпай жинап, астаналық театрлардың біріне билет ала аласыз, 1800 ұпаймен - көлік картасын толтыра аласыз, 1900 ұпайға – елорданың логотипі басылған ыдыс түседі, ал фирмалық футболка – 2500 ұпай тұрады, - деп атап өтті Бектұрова.

Ұпайларды "Атамекен" ҰКП-ның бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін айқындау мақсатында жасаған сауалнама-скринингін толтыру арқылы жинай аласыз. Ал Smart Astana мобильдік қолданбасы сауалнама жүргізуді тұрғындар үшін ыңғайлы етті. Үйден шықпастан, жылдам әрі әділ.

- Ол үшін Smart Astana қолданбасына кіріп, "Белсенді тұрғын" бөліміндегі "Тұрғындар мен қонақтарға сауалнама" рубрикасының сұрақтарына жауап берсеңіз болды, - делінген хабарламада

Бірінші күннің өзінде-ақ, жарнамасыз, тек пуш-хабарлама арқылы ол сауалнаманы 320 адам толтырып үлгірді.

Цифрландыру – бұл ыңғайлы.

Smart Astana мобильдік қолданбасын жүктеу үшін сілтеме:

iOS

Android

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды