Желіде Алматыда қаптаған қара-құрым адамның видеосы пайда болды

видеодан алынды
Видео астына пікір қалдырушылар адамдардың тойымсыздығы мен ысырапшылығын сынға алған.

Әлеуметтік желілерде Алматы көшесінде кезекте тұрған қара-құрым адамды түсірген видео жарияланды. Бұл Айфонның соңғы үлгісіне деген кезек болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инстаграмдағы megapolis.kz тобының парақшасында жаңа Iphone 11-ді сатып алу үшін көшеде кезекте тұрған қара-құрым адамды түсірген видео жарияланды. Видеодағы дауыс бұл Гоголь мен Панфилов көшелері қиылысында болып жатқанын айтады.

Желідегі Almatygggram тобында сол дүкенде кезекте тұрғандардың фотосуреттерін жариялады.

Видео астына пікір қалдырушылар адамдардың тойымсыздығы мен ысырапшылығын сынға алған.

"Содан соң ақшамыз жоқ, несиемізді жаба алмай жүрміз" деп тағы жылайды" десе бірі, тағы бірі: "Осы ел ақшаны қайдан алады" деп таң қалған. Ал бірі: "Не болды сонша, ел аяғы саябырсығанда 2-3 күннен кейін алса болмай ма" деп жазды.

Сөйтсек 27 қыркүйекте ресми түрде Қазақстанда жаңа Iphone сатылымға шыққан екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды